АҚШ елшісі қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады
АҚШ елшісі қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады
© сурет интернеттен алынды
283
оқылды
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер қазақстандықтарды Абай күні мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Елшіліктен хабарлады.
«Аса құрметті қазақстандықтар! Сіздерді өзгеше, жөні бөлек мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін – Абай күні мерекесі! Бұл мереке – руханият пен мәдениеттің, поэзияның, Абай Құнанбайұлы салған жақсы дәстүрдің жаңғыруы, жалғасуы. Біз келешекте де Елшілікте Абай күнін атап өту үшін, Абай дәстүрін жаңғыртқымыз келеді. Абай ақын Тоғызқұмалақ ойнаған. Міне, жыл сайын Тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырмақ ойымыз бар. Одан кейін, міндетті түрде дастархан басында жиналып, бауырсақ пен қымызды ортаға салып, домбыра шертіп, Абай әндерін айтамыз. Абайдың қара сөздерін оқып, талдаймыз. Абай армандаған «Кемел адам тәрбиелеу» – адамзаттың парызы. Осыны қазіргі пандемия жағдайы да қатты түсіндіріп отыр», - делінген Елшінің құттықтауында.
Еске сала кетейік, бүгін 10 тамыз елімізде - Абай күні атап өтіліп жатыр.