11 тамызда Қазақстанның 9 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады. Ақмола облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с жетеді. Нұр-Сұлтан қаласында найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау облысының кей жерінде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, батысқа ауысады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр , кей жерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерде найзағай, күндіз кей жерде дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады кей жерде күші 15-20 м/с күтіледі. Түркістан облысының кей жерінде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Кей жеде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Қостанай облысының күндіз кей жерінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерде найзағай, дауыл, бұршақ. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе облысының солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерінде 18 м/с күтіледі. Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-100 %.