БҰҰ: Еуропа мен Орталық Азияда 4 млн адам кедейшілік құрсауында отыр
БҰҰ: Еуропа мен Орталық Азияда 4 млн адам кедейшілік құрсауында отыр
177
оқылды

Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ) Еуропа мен Орталық Азияда жоқшылық зардабын тартып отырғандардың санын жариялады.

«2018 жылы жер бетінде 1,3 миллиард адамның жоқшылық құрсауында өмір сүріп жатқаны белгілі болды. Оның 560 миллионы Афирика мемлекеттері мен Сахараның оңтүстігінде тұратын тұрғындар болса, 546 миллионы Оңтүстік Азияның, 118 миллионы Шығыс Азия мен Тынықмұхиты аймағында өмір сүретін жандар. Сондай-ақ, жоғарыдағы көрсеткіштің 66 млн-ы Араб елдеріне, 32 млн-ы Латын Америкасы елдері мен Кариб теңізі бассейіне тиесілі болса, Еуропа мен Оңтүстік Азияда 4 млн адам кедейшілік құрсауында отыр», – деп хабарлайды БҰҰ.

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриштің баяндамасында 1990 жылы әлем халқының 36% -ы күніне 2 доллардан аз ақшаға өмір сүргені айтылған.
«25 жылдан кейін мұндай жағдайдағы адамдардың үлесі 10% -ға, ал 2018 жылдың аяғында – 8,6% -ға дейін төмендеген»,– делінген хабарламада.
Алайда, Бас хатшы келтірген дереке сүйенсек, бүгінде кедейлік деңгейінің төмендеу қарқыны алдағы 10 жылдағы кедейлікті жою – міндетінің орындалуына күмән туғызып отыр.
А.Гутерриш: «Осындай әсерлі ілгерілеушілікке қарамастан, әлемде 2030 жылға қарай кедейшілікті жою міндеттері өте баяу жүріп жатыр»,– деп мәлімдеді.
БҰҰ мәліметтері бойынша, соңғы жылдары әлем экономикасының құлдырауына, түрлі қақтығыстарға, климаттың өзгеруі мен табиғи апаттардың салдарына байланысты дамушы елдерде және кейбір табысы орташа елдерде кедейлік деңгейінің төмендеуі байқалды.
«Әлемнің көптеген аймақтарында жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны кедейлікті жоюға қажет деңгейден әлдеқайда төмен» деп атап өтті ұйым.