«Жұмысқа тұрғызамын» деп 3 адамнан миллион теңге алған жұмыссыз күдікті ұсталды
«Жұмысқа тұрғызамын» деп 3 адамнан миллион теңге алған жұмыссыз күдікті ұсталды
Фото: Интернеттен алынды
Күдікті оңай жолмен ақша тауып, жәбірленушілерге миллион теңгеден аса шығын келтірген. Алаяққа алданған жергілікті тұрғындар Сарыағаш АПБ-не арызданған. Жәбірленушілер күдікті ер адамның оларды «жұмысқа орналастырып беремін» деп бірінен 250 мың, екіншісінен 400 мың теңге алғанын хабарлаған. Ал, үшінші тұрғын 700 мың теңгесін сеніп берген екен. Алайда, ақшаны алып алған күдікті хабарсыз кеткен. Ауданның полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, осы қылмысқа қатысы бар деген жергілікті тұрғынды ұстады. Жұмыссыз жүрген күдіктіге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылған. «Бүгінде аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары «Алаяқтық» бабымен жүргізілуде. Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын толық тексеріп, күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде» делінген ресми хабарламада.