Мамандардың есептеуінше, оның тереңдігі – 43 метр. Ливан астанасындағы төтенше жағдай 4 тамызда тіркелді. Айлақтағы аммиак селитрасы сақталған қоймада жойқын жарылыс болды. Соңғы мәліметке сәйкес, 158 адам көз жұмып, 6 мыңға жуығы жарақат алған. Қазір мұнда іздестіру операциясы жалғасып жатыр. Дегенмен, құтқару жұмыстары тоқтаған. Өйткені мамандар қирандылар астынан тірі адамдардың табылатына еш үміт жоқ екенін айтады. Жарылыс салдарынан 250 мыңға жуық тұрғын баспанасыз қалды. Астық қорының 85 проценті жойылды. Төтенше жағдайдан келтірілген материалдық шығын 15 миллирд долларға дейін жетуі мүмкін. Бұл онсыз да экономикалық дағдарысты бастан кешіріп жатқан мемлекет үшін ауыр соққы болды. Негізі мамандардың пайымдауынша, қоймадағы қауіпті заттың бір бөлігі ұрланған болса керек. «Әйтпегенде төтенше жағдай салдары мұнан да сұмдық болуы мүмкін еді» дейді олар.