Партиялық жауапкершілік артады
Партиялық жауапкершілік артады
149
оқылды

Петропавлда Nur Otan партиясының Солтүстік Қазақстан филиалы Саяси кеңе­сінің кеңейтілген отырысы өтті. Талқылауда депутаттық фракциялар мен бастауыш партия ұйымдарының мүшелері депутаттық корпустың жұмы­сын күшейту, бастауыш партия ұйымдарының рөлін арттыру, партиялық жауап­кершілік және белсенді ақпараттық саясатты жүргізу мәселелеріне тоқталды.

Партия өңірлік филиа­лы­ның төрағасы, облыс әкімі Құмар Ақса­қа­лов облыстық партия ұйымының сапалы жұмысы үшін, бірінші кезек­те, партияның белсенді мү­ше­лерін шоғырландырып, БПҰ әлеуетін күшейту қажет­тігін айтты.

– Бізге белсенді партия­лықтарды шоғырландыру бо­йынша шаралар қабылдау қажет. Олар қол қусырып қарап отырмай, әділ­дікке жақ болып, халықтың мүддесін қор­­ғайды. Біздің жерлестеріміздің ара­­сында олар бар екеніне сенім­ді­мін. Топ­тастыру бойынша жұмыс бас­та­уыш партия ұйымынан баста­ла­ды, пар­тиядағы фор­малды түрде мүше­лік­­ті жою бойынша жұмысты күшейту қа­жет, – деп атап өтті Құмар Ақсақалов.

Саяси кеңесте мәслихат­тардағы депутаттық фрак­ция­­лардың рөлін арттыру мәселесі де талқыланды. Құ­мар Ақсақалов атап өткендей, фракцияларға, ең алдымен, партия Төрағасының тапсыр­маларын, Nur Otan партия­сының сайлауалды бағдар­ламасын және Қазақстан Президентінің сайлау алдын­дағы бағдарламасын орын­дауға күш-жігер жұмсауы тиіс екенін атап өтті. Ол сонымен қатар депутаттық фракция­лар жергілікті жерлерде бел­сенді еместігін, пробле­ма­дан өзін-өзі алып қашатынын, халықпен кездесулер өткіз­бейтінін тілге тиек етті.

Жиында фракциялар жұ­мы­сының тиімділігін арт­тыру үшін партияның өңірлік филиалының төрағасы мәс­лихат депутаттарын бағалау критерийлерін жасау бас­та­масын ұсынды. Өлшемдер сайлау алдындағы уәделердің орындалуын, халықпен кез­десулердің санын, шешілген мәселелердің санын және есеп беру кездесулері бары­сында белсенділік танытуы тиіс.

Саяси кеңесте, соңдай-ақ лауа­зымды тұлғалардың пар­тиялық жа­уапкершілігі, пар­тия­лық жобаларды жүзеге асы­ру бойынша жұмысты жан­­дандыру, жастарды қолдау және партиялық­тар­дың интернет ке­ңіс­тікке шы­ғу мәселелерін талқылады. Құмар Ақсақалов өз кезегінде пар­тиялықтарды БАҚ пен әлеуметтік желілерде белсен­ді болуға шақырды. Осы­лай­ша, партия халықтың сенімін арттыру үшін объективті және се­німді ақпарат көзіне ай­налуы тиіс.