Берік Әбдіғалиұлы, саясаттанушы, Nur Otan партиясының мүшесі: Қара шаңырағымыз – Ұлытау
Берік Әбдіғалиұлы,  саясаттанушы, Nur Otan партиясының мүшесі: Қара шаңырағымыз – Ұлытау

– Президенттің алғашқы Жолда­уын халық үмітпен күт­ті. Жолдау Пре­­зиденттің сай­лауалды плат­фор­масын іске асыруға бағытталды. Сон­дық­тан көңілге қонымды тұстары көп. Ең бастысы – қазіргі саяси ре­форма­лар­дың жал­ға­суы. Тиімді мем­лекеттік бас­қару, бюджетті тиімді жұм­сау жағын алға тартқым келеді. Жолдауда бұл жақсы айтылған. Ха­лық­қа жаны ашитын маман­дар, сая­сат­керлер қа­жет. Көңіл­ге қонымдысы – қазақ тілінің ұлтаралық тіл дәрежесіне кө­терілуі. Бұл да – қоғам болып ат­са­лысатын ба­сым бағыттың бірі. «Ру­ха­ни жаң­ғыру» бағ­дар­ламасының жал­ға­сы ретінде Алтын Орданың 750 жыл­дығы ай­тыл­ды. Әрине, бұл этно­ту­ризмді да­мыту бағытында көте­ріл­ді. Мұны тек этноту­ризм деп емес, те­реңінен қарап көрсек. Біріншіден, біздің ал­пауыт импе­рия­ның мұрагері екенімізді айқындайтын жайт. Әлем назарын аударарлық ақ­пар. Президент Ұлытауда осы­ған қатысты бірқатар тапсырма берді. Ел болып орындасақ, нә­тижелі жұмыс болмақ. Бір жа­ғынан алып қарасақ, гео­сая­си жоба. Себебі, Алтын Орда­ның құра­мында Қырым хан­дығы, Ресей болса, қара шаңы­рағы – Ұлытау!

Ауылды қолдауға қомақты қаражат бөліп жатыр. «Ауы­л – ел бесігі» бағ­дарла­ма­сына қосымша 90 млрд бөл­ді. Бұл – елдімекен мен ауылды дамыту­ға берілген үлкен мүм­кіндік. Бір жа­ғынан ауыл әкім­дерінің сыналар тұсы. Барлығы халық әлеуетін көтеруге ба­ғытталған.