Дәулет Кәрібек, Jas Otan Жастар қанатының төрағасы: Үлкен өзгерістер күтіп тұр
Дәулет Кәрібек,  Jas Otan Жастар қанатының төрағасы: Үлкен өзгерістер күтіп тұр

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жол­да­уында бірқатар маңызды мәселені қарастырып өтті. Солардың бірі – тіл мәселесі. Қасым-Жомарт Кемелұлы тіл мәселесін көтеріп, үлкен баста­маға кезек берді. Жолдауда білім мәселесі де назардан тыс қалмады. Қасым-Жомарт Кемелұлы білім беру сапасын жақсарту, мамандар даяр­лаудың отандық жүйесін жетілдіру туралы айтты. Ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тап­шы­лығын меңзеп, «Дипломмен – ауыл­ға» бағдарламасының аясын ке­ңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыру қажеттігін тілге тиек етті. Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 млрд теңгеге жеткізуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен қатар мемлектеттік органдардың қызметіне халық тарапынан баға берілуі қажеттігін айтып, жергілікті биліктің жұмысын бағалау жүйесін енгізу бойынша жоба әзірлеу мүмкіндігі туралы сөз қозғады.

Жоғарыда аталған мәселелер – Жолдаудың тек аз ғана бөлігі. Пре­зидентіміз халыққа берген уәделерін мүлтіксіз орындайтынын айтып, жоғарғы билік орган қызметіне жаңа серпіліс берді. Алда үлкен өзгерістер мен көптеген шараның жүзеге асы­рылуы күтіп тұрғаны анық.