Сыр бойы рухани жаңғырып келеді
Сыр бойы рухани жаңғырып келеді
167
оқылды
Іс-шаралар жоспарына бағ­дарламаның және қоғамдық са­наны жаңғыртудың басым бағыт­тарын қамтыған түрлі фор­маттағы 204 шара енгізілді. Ал Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері ұсын­ған «Рухани жаңғыру» бағдар­ла­масының 2020 жылға арналған жоспарына талдау жүргізгенде сапалы жұмыс жүр­гіз­ген 6 аймақ­тың қатарында Қызылорда облы­сы енгізілген болатын. 2020 жылдың алғашқы жар­ты­­жылдығында қалалық, аудан­дық әкімдіктер мен облыс­тық бас­қармалардың ұйымдас­ты­руымен 963 шара өткізілді. Демеушілер мен меценаттар есебінен 119,5 млн теңге қаржы тартылған. Масс-медиада 1978 мақала мен сюжет, репортаж жарық көріпті. Сөйтіп, бағдарламаның орындалу барысын көпшілікке жеткізу бағытында әжептәуір іс тындырылса керек. Әрине, коро­навирус пандемиясының көңіл­дегі біраз ойды өзгерткені анық, дегенмен әлеуметтік желілердің қуатын пайдалану тұрғысынан заманның осынау сын-қатері баршамызды шыңдады. Оны «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға жауапты құры­лым­­дардың басшылары да біліп отыр. Айталық, «Рухани жаңғы­ру» орталығының ресми сайты (syr-eli.kz) іске қосылып, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде парақшалары жұмыс істеуде. Мәселен, Facebook, Instagram-дағы ресми парақ­шаларда ұмыт болған салт-дәс­түрлер, ұлттық тағамдар мен ұлт­тық киімдердің тарихы туралы постерлер жария­ланып келеді. Интернет-ресурстарда өз са­ла­сы бойынша жетістікке жеткен, жастарға үлгі боларлық азамат­тарды танымал ету, қызметін, еңбек жолын жастар арасында насихаттау мақсатында YouTube-те «Тұлға» айдарымен 20 бейне­ролик түсірілді. Кейіпкерлеріміз Facebook парақшамызда және аудандар, ауылдық елді мекен­дерден сауалнама жүргізіп таң­далды. Олардың ішінде білім, полиция саласының ардагерлері, кәсіпкерлер, еңбек динас­тия­лары, медбике, қолөнершілер мен қарапайым жұмысшы меха­ни­затор да қамтылды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жанынан құрыл­ған «Рухани жаңғыру» институты 2019 жылы іске асырылған «Сәт­ті жобалар» жинағын шы­ғар­ған болатын. Аталмыш жи­наққа біз­дің облыстан Қорқыт ата мұрасын жас ұрпаққа насихаттау мақса­тында 3 тілде шығарылған «Қорқыт атаның даналық сөз­дері» кітабы мен «Ізденіс» жасыл акаде­миясының жастарды бау-бақша өнімдерін өсіру арқылы еңбекке баулу жобалары енгі­зілді. Қазір балалардың дене ең­бегімен аз шұғылданатыны жа­сырын емес, осы олқылықтың орнын толтыру үшін алдағы уа­қытта аталмыш академияның тәжі­рибесі облыс­тағы барлық мектеп­ке таратылды. Осы ретте бұған дейін орта­лықтың ресми парақшаларында «Ең үздік пост» байқауы жария­ланып, жеңімпаз анықталды. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалануы үшін «Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге» және «Туған өлкем – байлығым!» атты байқаулар өткізілді. Қазіргі таңда орта және шағын кәсіп­керлікті қолдау, кәсібилікті арт­тыру мақса­тында «Сыр өнімі» атты байқауы және ұлттық біре­гейлікті айқын­дайтын тәрбиенің оң ық­палын насихаттап, ұлттық байлығымыз саналатын домбыра аспабын ел арасында насихаттау мақсатында «Қазағымның жаны­сың сен, дом­быра» челленджі өткізіліп жатыр. Бұған қоса, 31 мамыр – қуғын-сүргін және ашаршылық құрбан­дарын еске алу күніне орай «Қазақ зиялылары және зұлмат жылдар» атты зиялы қауым өкілдерімен, тарихшы­лар­мен онлайн формат­тағы кездесу және «Абай шығар­малары – ғасырлар биігін­де» республи­калық онлайн семинары өткізілді. Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Атамның аманаты» атты бейнероликтер топтамасы да­йын­­­далып, көпшілік назарына ұсы­нылды. Сондай-ақ тәрбие берудің сапасын арттыру арқылы адами капиталды күшейту мақсатында «Тәрбие академиясын» құру арқы­лы жүзеге асыру көзделген «Дәс­түрлі прогрессивті отбасы инсти­ту­тын жаңғырту» тақы­рыбындағы Жол картасы облыс әкімдігіне қарауға ұсынылды. Қызылорда облысында бағ­дар­­ламаны іске асыру жөніндегі 2020 жылға арналған кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес алда біраз жоба жүзеге асырылуы керек. Атап айтқанда, «Экология және жастар» тақырыбында шетелдік әріптес жоғары оқу орындарының жастарымен теле­көпір, NEET жастар арасында «Өмірлік дағдыларды қалып­тастыру» тақырыбында барлық ауданда ерікті психологтар тобы­ның курсын өткізу,еріктілер қоз­ғалысын дамыта отырып, «Туған жер» арнайы жобасы аясындағы шараларға халықтың өзге де әлеуметтік топтарын қамту, облыс бойынша демалыс орын­дарында «Көне аспаптар сыр шер­теді» жобасын іске асыру, «Ертегі – тәрбие берудегі ізгі­ліктің бастауы» атты ертегі айтушы әжелердің байқауы тә­різді жобалар жүзеге асы­рылады. Бір сөзбен айтқанда, Сыр өңірі іс жүзінде рухани тұрғыда жаң­ғырып келеді. Әрі жоспар­ланған іс-шаралар тек облыс көлемімен шектелмейді. «Отан­дастар» қоры­мен бірлесе отырып, шетелдердегі (Швеция, Норве­гия, Финляндия) қазақ диаспо­расы өкілдерімен мәдени байла­ныс орнату жос­парланған. Сәтін салса, бұл жоба да сәтті жүзеге асырылар деген үміт бар. Бұл өз кезегінде рухани тұрғыда жаң­ғырып, сілкіну жаһандағы бар қазақты сергітер бастама екенін көрсетіп отыр.  

Миуа БАЙНАЗАР