Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Жетісулықтар Абай тойын бастап кетті

Алты алаштың данасы, қазақ поэ­зиясының дара­сы, хакім Абайдың өлмес мұрасы – ұрпаққа мәңгілік үлгі. Қазақтың бас ақынын ұлықтау шарасы қазақ даласының әр түкпірінде бас­талып кетті. Жетісу өңірінің жұртшылығы да ұлы тойға өз үлесін қосуда. Баршаға белгілі коронавирус инфекциясына байланысты барлық іс-шаралар онлайн түрінде атқарылып жатыр. Абайға ар­налған айтулы күн­дегі біршама істер де осы форматта өтіп жатыр.

«Айқын» ақпарат
Тамыз 11, 2020
Мәдениет, Жаңалықтар, Қазақстан
Abai K.
41
қаралым

Абай күніне арналған шырай­лы шара­лардың шымылдығы өңір басшысы Амандық Бата­ловтың әлеуметтік желіде жер­лес­терді құттықтауымен  ашыл­ды. Артынша, әлеуметтік желі­де облыстық Nur Otan пар­тиясының ұйымдастыруымен «Абай өлеңдерін оқу» шарасы тойға шашуды жалғастырды. Өңірдегі аудан, қалалар да ор­тақ істен қалыс қалған жоқ.  Абай Құнанбайұлының ескерткіштеріне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойып, айналасын абаттандырды. Үлкенді-кішілі көрмелер мен кештер, конкурстар мен концерттер ұйымдастырылды.  Жетісу жерін мекендеген түрлі этнос өкілдерінің арасында Абай өлеңдерін оқу эстафетасы өтсе, Бикен Римова атындағы облыстық драма театрдың әртістері ақынның бірнеше мысал­дарын онлайн түрде сах­налап, көрермендерге тарту етті.

Абай Құнанбайұлының өшпес өнегесін жас буын да барынша дәріптеуде. Осы орайда, Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Taldy Paris шығармашылық тобы Jetisy ART тарихи-танымдық жобасын жүзге асыруға кіріскенін айта кеткен артық болмас. Халықты ата-бабаларымыздың тарихымен және Абай еңбек­терімен таныстыру, білуге жұмыл­дыруды мақсат ететін  бірегей жоба­ның авторы Еркеғали Мей­рам­ұлы.

«Бұл жобаны жасауға 1 ай уақыт жұм­са­дым. Графикалық кескіндемеде  тарихи тұлғалардың тұжырымдамасы (афор­измі, дәйексөзі) және оның суреті бейнеленген. Елдің назарына ұсынылатын туын­дымда стил­ис­тикалық иллюстрация қол­дан­дым», – дейді Еркеғали Мейрамұлы. Бүгінде теңдесі жоқ жобаның авторы осындай 20 кескінді дайындаған. Соның бірі – 10 тамыз күні ашылған, «Қаратал» шағынауданындағы көпқабатты үйдің қабыр­ғасына салынған дана Абайдың дара бейнесі.   Мұндай бірегей істер алдағы кезде де жалғасатын болады.

Хакім Абай жүрегіне терең бойлаған…

Абай айтқан құны алтын сөз зерегі…

Ұлы Абайды ұстаз тұтамыз – Бауыржан Қарағызұлы

 

«Абай – ұлтымыздың ұлы тұлғасы. Оның тіршілігінде елі үшін атқарған еңбегін ешқашан ұмытпауымыз керек. «10 тамыз – Абай күні» деп белгіленуі де барынша құптарлық қадам.

 

Жыл басында облыстық Мәдениет, архивтер және құ­жаттама басқармасының мұ­рындық болуымен ақындар мүшәйрасы өткенін де айта кеткен жөн. Жыр додасына 200-ден астам ақын қатысып, Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтаған Ға­лым Жайлыбай бас­таған әділқазылар алқасының сүзгісінен 100 ақынның арнауы мүдірместен өткен еді. Сөзі мір­дің оғындай сөз зергерлерінің арнаулары «Адамзаттың Абайы»  атты арнайы жинаққа енгізілді. 10 тамыз – Абай күні» облыстық С.Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханада сол жыр жинағының тұсауы  кесілді. Кітап Абайдың елі, яғни Шығыс Қазақстан облысына тойға тарту  ретінде жөнелтіледі. .

Тұтас болмысы келісті өлең жолымен өрілген Абайдың бей­несін өңірдегі қыл­қалам шеберлері де мүмкіндіктерінше суреттеуге тырысты. Бұл шара да жыл басын­да  бастау алған болатын. «Сурет әлеміндегі Абай бей­несі» атты суретшілер байқауына 50-ден астам суретші қатысып, бақ сынады.  Жалпы, Алматы облысы бойынша, дүбірлі күнге орай 30 шара ұйымдастырылыпты.

«Абай – ұлтымыздың ұлы тұлғасы. Оның тіршілігінде елі үшін атқарған еңбегін ешқашан ұмытпауымыз керек. «10 тамыз – Абай күні» деп белгіленуі де барынша құптарлық қадам. Кешегі мен бүгінгінің өмір салтын саралап кеткен, дана әрі дара жанның мерейтойын жоғары дәрежеде өткізуге бары­мызды сала­мыз. Елдегі жағдайға байланысты барлық шара онлайн форматта өтуде. Бастысы, елінің нар тұлғаға деген құрметіне халық куә болуда.  Абай күні мәңгі жадымызда сақталады», – дейді     Алматы облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама бас­қармасының басшысы  Мәрлен Көлбаев.

 

Болат АБАҒАН,
Алматы облысы

 

 

 
Тегтер: Абай күніАбай тойыХакім Абай
Алдыңғы жаңалық

Мәдениет сарайы өртеніп, 25 адам эвакуацияланды

Келесі жаңалық

Сыр бойы рухани жаңғырып келеді

Ұқсас жаңалықтар

өрт
Жаңалықтар

Семейде 4 адам өрттен құтқарылды

Қаңтар 24, 2021
аяз
Қазақстан

Ауа райы: солтүстік өңірлерде қатты аяз болады

Қаңтар 24, 2021
Елорда
Жаңалықтар

Елордада бойжеткен үшін жанжалдасқан жігіттер оқ атқан

Қаңтар 24, 2021
Макгрегор
Жаңалықтар

Хабиб Макгрегордың жеңілу себебін атады

Қаңтар 24, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде 4 адам өрттен құтқарылды

Қаңтар 24, 14:49

Ауа райы: солтүстік өңірлерде қатты аяз болады

Қаңтар 24, 14:23

Елордада бойжеткен үшін жанжалдасқан жігіттер оқ атқан

Қаңтар 24, 14:01

Хабиб Макгрегордың жеңілу себебін атады

Қаңтар 24, 13:57

Дубайда әлемдегі ең биік карусель ашылды

Қаңтар 24, 13:36

Жақында Димаштың жаңа бейнебаяны жарыққа шығады

Қаңтар 24, 13:13

Порье Макгрегорды техникалық нокаутпен жеңді – видео

Қаңтар 24, 12:55
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

өрт

Семейде 4 адам өрттен құтқарылды

Қаңтар 24, 2021
аяз

Ауа райы: солтүстік өңірлерде қатты аяз болады

Қаңтар 24, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»