«Республикалық бюджетке кірістер (трансферттерді есепке алмағанда) 2 трлн 714 млрд теңге сомасында түсті немесе жоспар 83,3 пайызға атқарылды. Кірістер бойынша жоспардың атқарылмауы 544 млрд теңгені құрады. Негізгі атқарылмау сомалары қосылған құн салығы және корпоративтік табыс салығына тиесілі», – деді министр.
Корпоративтік табыс салығының атқарылмауына келесі факторлар әсер еткен:
– негізгі экспорттық позициялар бойынша бағаның орта есеппен 16,1 пайызға төмендеуі (шикі мұнайға – 35,8%, мырыш – 21,5%, алюминий – 12,7%, феррохром – 8,4%, мыс – 8,5% және қорғасын – 9,8%), бұл тау-кен секторындағы ірі салық төлеушілерден түсетін түсімдердің 42,6 пайызға азаюына әкеп соқтырды;
– 830 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының өткен жылдың 7 айымен салыстырғанда 184,3 млрд теңгеге төмендеуі;
– екінші деңгейдегі банктерден түсетін түсімдердің 30 млрд теңгеге азаюы.
Қосылған құн салығы бойынша жоспардың негізгі атқарылмау себептері:
– 2019 жылдан едәуір ауыспалы дебеттік қалдықтың болуына байланысты өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қосылған құн салығын қайтарудың 84,4 пайызға өсуі;
– «Электрондық шот-фактуралар» АЖ деректері бойынша сату бойынша айналымдардың 12,4 пайызға азаюы. Негізгі төмендеу тау-кен өнеркәсібі саласына тиесілі, онда айналымдар 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 34,4 пайызға немесе 3,5 трлн теңгеге төмендеген.
– карантин режимі енгізілуіне байланысты іскерлік белсенділіктің төмендеуі шамамен 19,3 мың салық төлеуші төлемдерін 187 млрд теңгеге төмендетті;
– Қазақстан Республикасының үшінші елдермен тауар айналымы 9,1 пайызға, оның ішінде маусым айында 23,6 пайызға төмендеуі және Қытай Халық Республикасынан тауарлар импорттайтын көлік құралдарының саны 16,7 пайызға төмендеуі тіркелді.