Қазандықтар газға көшірілуде
Қазандықтар газға көшірілуде
Алматы облыстық Энер­гетика және ТҮКШ басқар­масының бас­шысы Бағлан Тә­некеновтың ай­туын­ша, жы­лыту маусымы бас­тал­ғанға дейін, нақтырақ айтқанда биыл­­ғы қыр­күйектің соңы­на дейін облыстағы үш қазан­дықты газ жүйесіне көшіру жоспар­ланыпты. Олардың екеуі облыс орталығы Талды­қорған қала­сында болса, біреуі – Қапшағайда. Қа­зан­дықтарды табиғи газға көшіруе 2,6 млрд теңге бөлінген, оның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағ­дарламасы аясында бөлінген 1,5 млрд теңге де бар. Осылайша, үш маңыз­ды жобаның екеуі «Жұмыспен қамтудың жол карта­сы» арқылы жүзеге асы­рылады. Сонымен біре Балпық би ауы­лындағы орталық қазандық кеңей­тіліп, ағымдағы жөндеу жүргізіледі. Оған «Ауыл – ел бесігі» бағдарла-масы ар­қылы 256,5 млн теңге қа­рас­тырылған. Сол сияқты Қарабұлақ кенті мен Сарқан қаласына «Жұ­мыс­пен қамту жол картасы» бағдар­ла­масы шеңберінде 108,4 млн теңге бөлінген. Жалпы, қа­ралған қаржы 365 млн теңгені құрайды. Қазіргі кезде барлық нысан­­да жұмыстар бекітілген кестеге сәй­кес жүріп жатыр. Алдағы жы­лыту маусымына дайындық жұ­мыс­тарының тиісті деңгейде өтуі об­лыс бас­шы­лығының ба­қы­­­лауы­на алын­ған. Жалпы, Алматы облысында ал­дағы жылыту маусымына да­йын­­­­дық үшін жергілікті бюд­жет­тен 9,9 миллиард теңге бөлі­ніпті. Тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін 35 орта­лық қа­зандыққа, 64,3 ша­қы­рым жылу трас­сасына, 13,4 шақы­рым электр же­лілеріне және үш мыңнан астам транс­фор­маторға жөндеу жүзеге асы­­рылады.  

Болат АБАҒАН, Алматы облысы