Мәдениет сарайы өртеніп, 25 адам эвакуацияланды
Мәдениет сарайы өртеніп, 25 адам эвакуацияланды
Фото: Интернеттен алынды
«Бүгін сағат 11:55-те Ақан сері көшесінің бойындағы 3 қабатты «Көкшетау» мәдениет сарайының шатырынан өрт шыққандығы туралы ақпарат түсті. Сол кезде ғимаратта қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатқан. Құтқарушылар 25 адамды эвакуациялады. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 30 маманы және 7 өрт сөндіру техникасы, «Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорынының 1 жұмысшысы мен 1 техникасы тартылды. Өрт 11:33-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», – дейді ТЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Доспаев.