Мәтен Мәди Жамбыл облысында жаңа қызметке тағайындалды
Мәтен Мәди Жамбыл облысында жаңа қызметке тағайындалды
973
оқылды
Мәди Мейірбекұлы 1984 жылдың 16 маусымында Жамбыл облысы Жуалы ауданы Қайрат ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ, білімі - жоғары. 2004 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында «Баспахана» жауапкершілігінде бастаған. 2005-2009 ж.ж Жуалы ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімінің бас маманы; 2009-2010 ж.ж. Жуалы ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімінің жетекшісі; 2010-2011 ж.ж. Жуалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі жетекшісі; 2011-2012 ж.ж. Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы; 2012-2017 ж.ж. Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі, басшысы; 2017-2019 ж. ж. Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы. 2019 жылдың қазан айынан бастап Жамбыл облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкіл қызметін атқарып келді. 2006 жылдан «Nur Otan» партиясының мүшесі. Отбасылы, 5 бала тәрбиелеп отыр.