Билл Гейтс коронавирустың қашан аяқталатынын айтты
Билл Гейтс коронавирустың қашан аяқталатынын айтты
© сурет интернеттен алынды
170
оқылды
Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс коронавирус пандемиясының қашан аяқталатынын айтты.  Бұл туралы ол Wired басылымына берген сұхбатында баяндады.  Оның айтуынша, коронавирус пандемиясы екі жарым жылдан кейін аяқталады.
"Маған бай әлем үшін коронавирус 2021 жылы тоқтайтын секілді  болып көрінеді, ал жалпы дүниежүзінде 2022 жылы аяқталады деп ойлаймын. Мұның бәрі инновацияның арқасында болады. Бірақ оған қол жеткізгенннен кейін біз малярия, полиомиелит пен АИТВ секілді аурулармен күреске көп нәрсе жоғалтамыз", - дейді Гейтс.
Гейтстің пікірінше, пандемия экономикаға триллиондаған доллар көлемінде шығын келтірген, оның ішінде вакцина әзірлеуге кеткен инвестициялар да бар. Оның айтуынша, коронавирусқа қарсы препарат Қытай мен Ресейде сынақтан жақсы өтіп жатыр, алайда Билл және Мелинда Гейтстің қорына вакцинаны тестілеуден өткізуге 3-4 жыл көлемінде уақыт қажет.