Атырауда қаруланған тұрғындар көп

Атырауда қаруланған тұрғындар көп

Мұнайлы өңір тұрғындары атыс қаруларын заңсыз сақтауда алдына жан салмай тұр. Республика көлемінде жүргізіліп жатқан акция барысында Атырау облысы полиция органдарына тұрғындар тарапынан қырыққа жуық атыс қарулары мен 3500-ден астам оқ-дәрілер тапсырылды. Олардың бесеуі иір ойықты, қалғандары тегіс ұңғылы қарулар. Тиесілі сыйақы ҚР Ішкі істер министрінің «Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру қағидаларына бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес төленетін болады, – деп хабарлады Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев. Халықтың меншігіндегі тіркеуде жоқ заңсыз атыс қарулары, оқ дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алуды мақсат еткен акция, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңсыз айналымдағы атыс қаруларын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік береді. Ерікті түрде заңсыз сақтаудағы атыс қарулары мен оқ-дәрілерді тапсыратын азаматтарға сыйақы ретінде республикалық қазынадан 3 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген. https://www.youtube.com/watch?v=_nWxly5IMVk&feature=youtu.be