Ертең Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды СҚО ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы. "Қазгидромет" мамандарының айтуынша, 12 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін шаралар қабылдауға кеңес береді.