Коронавирус әркімде әртүрлі деңгейде өтеді - пульмонолог
Коронавирус әркімде әртүрлі деңгейде өтеді - пульмонолог
© сурет интернеттен алынды
151
оқылды
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің пульмонология кафедрасының доценті, Медицина ғылымның кандидаты пульмонолог дәрігер Назима Зәрубекқызы коронавирус науқастарда әртүрлі формада өтетінін айтты.
"Коронавирус індетінің әркімде әртүрлі деңгейде өтуіне бірінішіден жұқтырылған инфекцияның вируленттілігіне, вирустың жұқтырғыштық дозасына, екіншіден науқастың иммундық жүйесіне, ағзаның инфекцияға қарсы тұру қабілетіне, науқастың жасына, қосымша ауруларына, қауіп-қатер факторларына байланысты. Кейде вирус жұқтырған науқастар көп мөлшерде өз бетінше антибактериальді дәрілерді, вируска қарсы дәрілерді есепсіз, дәрігердің тағайындауынсыз ішіп, иммунитетін төмендетіп, ағзаның қарсы тұру қабілетін өзднрі әлсіретіп жататын жағдай жиі кездеседі. Негізі патогенезінде вирус альвеолоциттерді зақымдап, иммуноқабынулық синдром шақырады, сонымен қатар патогенетикалық тұрғыда COVID-19 виремиямен, жергілікті және жүйелік иммунқабынушылық үрдісмен жүреді. Ол коагуляцияның белсенділігін, эндотелийдің қабынуын, гипоксия, макро және микротромбоздар шақырып симптомсыз түрінен клиникалық айқын интоксикация, жоғары қызу, өкпе, жүрек, бүйрек, асқазан-ішек жолы қантамырларының эндотелий зақымдалуымен, орталық және перифериялық жүйке жүйесінің ауыр асқынуымен көрінеді", - дейді ол.
Дәрігердің айтуынша, бір ғана иіс сезбей қалған жағдайда міндетті түрде вирус жұқтырдым деп уайымдаудың қажеті жоқ.
"Иіс пен дәм сезбеу негізінде коронавирустың белгілері, бірақ аллергиялық және ЖРВИ кезіндегі ринит белгілері де болуы мумкін, сондықтан екеуін жақсылап ажыратып алу керек. Коронавирус кезінде тек қана дәм мен иіс сезу бұзылып қоймайды, қосымша іштің өтуі, бөртпенің пайда болуы, бұлшық еттердің ауруы сияқты қосымша белгілер де көрініс береді. Бір ғана иіс сезбей қалу сисптомы болса, коронавирус болдым деп уайымдау артық, нақты диагноз қою үшін қалған симптомдардың болуы қажет. Иіс пен дәм сезбей қалуды вирустың мұрын шырышты қабатындағы нерв ұштарын зақымдануынан деп түсіндіруге болады, ол 1-2 апта көлемінде қалпына келеді", - деді пульмонолог дәрігер.