Еліміздің жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Еліміздің жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
175
оқылды
12-13 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет. Қарағанды қ.: 12 тамызда найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі. 12 тамызда Ақмола облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Нұр-Сұлтан қ.: 12 тамызда жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Көкшетау қ.: 12 тамызда кей уақытта найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с жетеді. 12 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найғазай күтіледі. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл, жел солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 12 тамызда түнде және таңертең найзағай күтіледі. *** 12 тамызда Шығыс Қазақстан найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Өскемен қ.: 12 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып екпіні 15-20 м/с күтіледі. Семей қ.: 12 тамызда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып екпіні 15-20 м/с күтіледі. 12 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ.: 12 тамызда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 12 тамызда күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады. 12 тамызда Қостанай облысының кей жерлерде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 18 м/с жетеді. Қостанай қ.: 12 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.