Ол жаңа клубы қатарында жылына 7 миллион еуро алады
Мадридтік «Реал» мен Коста-Рика құрамасының қақпашысы Кейлор Навас Еуропадағы трансферлік терезенің соңғы сәтінде париждік ПСЖ сапын толықтырды.
32 жастағы футболшы жаңа клубымен 2023 жылға дейін келісімшарт жасасқан. Навасты сатып алу үшін ПСЖ 13 млн еуроға шығындалған. Навастың трансфері аясында ПСЖ қақпашысы Альфонсо Ареола «Реалға» ауысты. Келісімшарт бойынша «Реал» Ареоланы жалға алу уақытынан кейін сатып алмайды.
Навас «Реалда» өткізген 5 жыл ішінде Чемпиондар лигасы мен УЕФА Суперкубогын 3 рет, Испания кубогы мен Испания чемпионатын 1 рет жеңіп алды. Командаға Тибо Куртуа келгеннен кейін Кейлор Навас қосалқы құрамда қалып қойған еді.
«Мен үшін бұл өмірімнің жаңа белесі, керемет команда, әдемі қала. Мен өте бақыттымын және ПСЖ-ның бір бөлшегіне айналар уақытты асыға күтемін. Бұл – үлкен клуб, біз үлкен табыстарға жетеміз» дейді Навас.
Коста-рикалық футболшы жаңа клубы қатарында жылына 7 миллион еуро алады.
https://youtu.be/3c-TLJYWDuI