Өскемендегі тұрақтандыру қоры арқылы саудаланатын бірқатар тауарға кәсіпкерлер 30-35 процентке дейін үстеме қосып сатқан. Мәселен, сәбіздің келісіне шекті баға - 110 теңге белгіленсе, тұрақтандыру қорының кейбір дүңгіршегінде 170 теңгеден сатылған.
Қазір облыс әкімі жанынан құрылған «Шығыс – адалдық алаңы» кеңселік жобасының өкілдері қаладағы әлеуметтік дүкендер мен дүңгіршектердегі бағаны тұрақтандыруға күш салып жатыр. Жалпы, Өскемендегі 17, Семейдегі 11 әлеуметтік дүкенде азық-түліктің 17 түріне шекті баға енгізілген.– Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының тапсырмасына сәйкес, барлық 17 тұрақтандыру қорының павилоны ашылған болатын. Соған қарамастан мынау павилондардың иелері арнайы ережеге сәйкес 15% үстемақы қосып сатуға жіберу керек. Бірақ олар кейбір тауардың бағасына 20-30% дейін үстемақы қосылған. Кәсіпкерлер бөлімі бұл жайтты ретке келтіреміз деп отыр. Бүгіннің өзінде біразы бағаны өзгертті, - деді «Шығыс - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бақыт.