Роналду мерзімінен бұрын көз жұмған жағдайға деп өсиет хат жазды
Роналду мерзімінен бұрын көз жұмған жағдайға деп өсиет хат жазды
151
оқылды

34 жастағы футболшы осы мәселеге орай Лиссабонға барған

Португалия құрамасы мен туриндік «Ювентустің» шабуылшысы Криштиану Роналду өзі мезгілсіз көз жұмған жағдайға деп өсиет хат жазған.

Бұл туралы AS ақпарат таратады. 34 жастағы футболшы осы мәселеге орай Лиссабонда адвокаттармен кездесіп, жағдайды талқылаған. Оның жинақ қаражатына басты үміткер футболшының жары Джорджина Родригес болмақ. Алайда құжатта басты адам ретінде Роналдудың анасы Мария Долорес Авейрудің аты-жөні жазылуы мүмкін.

Қазіргі таңда футболшының байлығы 300 миллион еуро шамасында. Ол Джорджина Родригеспен 2018 жылы қараша айында некелесті.