Елордада күніне 110 сәбиден дүниеге келуде
Елордада күніне 110 сәбиден дүниеге келуде
©Сірет интернеттен алынды
125
оқылды
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Татьяна Бишораеваның айтуынша, елордада егіздер мен үшемдер саны артқаны байқалады. Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан перзентханаларында 93 егіз және үш үшем дүниеге келді. Күн сайын елордада 60-110 бала дүниеге келеді. Жыл басынан бері дүниеге келген ұл балалар арасында ең көп тараған есім - Рамазан (97) болса, Әмір (95), Әлихан (87), Алан (73) және Әли (72) тіркелген.
Оған қоса,  Омар, Макар, Әміре, Мирон, Тимофей, Демид, Ибрагим сияқты есімдері қайтадан танымал бола бастаған екен. Ал ұлдардың арасында кездесетін ерекше есімдер: Инаят, Рамис, Дален, Далер, Адриел Арчи, Азарий, Арби. Қыздардың ішінде Медина (150) есімі.  Айлин, Аяла, Айша және Амина есімдері топ 5-ке кіретін есімдер. Сирек кездесетін есімдер: Алиша, Аруназ, Сафина, Ханифа, Эвелина, Айшабибі, Имона, Аврора, Тея, Яссауина.