Оқиға 7 тамыз күні болған. Оларды артынан құтқарушылар алып шыққан. Бұл жайында "109" құтқару қызметі хабарлады. Жарақат алған екі қыз 16 мен 18 жаста екен. [caption id="attachment_63987" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption]
"Жарақат алған адамдардың екеуі де жас болғаны қауіп туғызды. Біреуі - Көк Жайлау ауданында түстен кейін құтқарылды. Ол жақтан 16 жастағы қызды алып келдік. Ол таудан түсіп келе жатқанда салмақтың теңсіздігін сақтай алмай, қолы мен аяғы жарақаттап алды. Сол күні кешке "109" құтқару қызметіне тағы 18 жастағы қыз хабарласты. Ол "Мыңжылқы" станциясында жарақат алған", - делінген құтқару қызметінің хабарламасында.