Ми мен эндокриндік жүйе адамның көңіл-күйіне жауап береді. Сондықтан дененің осы екі бөлігінің бірін ынталандыру керек екен. Дәрігердің айтуынша, шоколад пен банан көңіл-күйді көтеретін өнімдердің тізімінде көш бастап тұр.
Сондай-ақ, балықтың майлы сорттары да жалпы тонустың жақсаруына әсер етеді екен. Теңіз балдыры да пайдалы, өйткені оның құрамында бүйрек үсті бездерінің жұмысына жауап беретін дәрумендердің барлық спектрі бар дейді маман. Олар адреналин мен норепинефринге әсер етеді екен.Бұдан бөлек, дәргер "Ең жақсысы - грек жаңғағы", - деді. Сондықтан көңіл-күйді көтеру үшін күніне 50 грамм грек жаңғағын жеу керек екен.