Нью-Делидегі көрнекті көшелердің біріне Абайдың есімі берілді
Нью-Делидегі көрнекті көшелердің біріне Абайдың есімі берілді
©Сурет интернетен алынды
296
оқылды
Бұл жайында Үндістанның Қазақстандағы елшісі Прабхат Кумар мәлімдеді.
Ол Абайдың Қазақстандағы ұлтшылдықты дамытудағы үлесін еске түсіре отырып, оның халықаралық түсіністігін арттыруға қосқан зор үлесін ескере отырып, Үндістан астанасы Нью-Делидегі көрнекті көшелердің біріне Абайдың есімін берілгенін атаған болатын.
Сонымен қатар, Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдығына орай "Қара сөздер" кітабы хинди тіліне аударылды.
"Шабд Манжуша" немесе "Сөздердің қазынасы" деп аталатын кітапта Абайдың 40 өлеңі және 45 "қара сөзі" бар. Оның құрамына Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғы сөзі мен Үндістанның Қазақстандағы елшісі Прабхат Кумардың кіріспе сөзі енген", - делінген елшіліктің хабарламасында.