Жиынға партияның аумақтық филиалдарының өкілдері, ұйымдастыру комитеттері мен есеп комиссияларының төрағалары мен орынбасарлары, сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты. Семинарда сайлау учаскелерін материалдық-техникалық жабдықтау, карантин жағдайында қорғаудың барлық шарасын сақтай отырып, іс-шараларды өткізудің желілік кестелері, кандидаттарды тіркеу, пікірсайыс өткізуді ұйымдастыру, мобильді қосымша арқылы дауыс беру үшін партия мүшелерін есепке алудың орталықтандырылған базасында мобильді нөмірлерді түзету, сондай-ақ веб-портал, сайлау учаскелерінде онлайн дауыс беру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар праймериздерге қатысу ережесінің негізгі мәселелері, партияішілік іріктеуді өткізу тетігі, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсынудың рөлі және басқа да өзекті мәселелер түсіндірілді. Естеріңізге сала кетейік, бүгінде осындай семинар-кеңестер облыстың 10 қаласы мен ауданында: Балқаш, Приозерск, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал, Теміртау қалаларында, сондай-ақ Қарқаралы, Шет, Ақтоғай, Ұлытау және Жаңаарқа аудандарында өтті.
А.ЖАСАНҰЛЫ