Іс-шараның басты мақсаты – COVID-19 дертіне шалдыққан науқастармен тікелей қарым-қатынас жасап, індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлеріне күн сайын қымыз бен саумал жеткізіп, иммунитеттерін көтеріп, бүгінгі күннің батырларына қолдау көрсету болды. «Nur Otan» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаевтың қолдауымен жергілікті «Жайлау» шаруа қожалығымен келіссөз жасалып, соның нәтижесінде жасотандық еріктілер бір ай бойы облыстық, қалалық көпбейінді ауруханалар мен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жалпы көлемі 1 тонна сусынды күн сайын жеткізіп отырды. Шара өңірдің 12 ауданында да жүзеге асты.
Әбілмансұр ЖАСАН