Әскери рейтингіміз төмендеді
Әскери рейтингіміз төмендеді
5,116
оқылды
Қазақстанның қорғаныс  бюд­жеті биылғы жарты жылда  311,4  теңгеге жетіпті. Бұл сома  был­тырғы осы мерзіммен са­лыс­тыр­ғанда 4,2 пайызға көп. Алайда биылғы алты айда болатын мемле­кеттік бюд­жет­тің шығысы 7,4 трлн теңге бол­са, одан   қорғанысқа бө­лінген қаржы азайған. Дәлірек айтқан­да, былтыр   бюджеттің шығыс бөлігінің 5 пайызы қор­ғаныс мақсатына арналса, биыл 4 пайы­зы қарастырылды. 2019 жылы Қазақстанның  қорғаныс  бюджеті 738,7 млрд теңге болған еді. Ал  халық­аралық рейтингке қайта оралар болсақ, Global Firepower зерттеулері 50 фактор еске­ріле отырып жасалады. Рей­тингте Қазақстанның ал­дына Өз­бек­стан, Беларусь, Тай­ланд, Сол­түстік Ко­рея, Тайван қатарлы мемлекеттер шығып кеткен. Ал жаһандық рейтингті әдетте­гідей АҚШ бас­­тап, одан кейінгі орындарды Ресей мен Қытай иеленіп отыр.  

Ардақ СҰЛТАН