Қазақстанның қорғаныс бюджеті биылғы жарты жылда 311,4 теңгеге жетіпті. Бұл сома былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда 4,2 пайызға көп. Алайда биылғы алты айда болатын мемлекеттік бюджеттің шығысы 7,4 трлн теңге болса, одан қорғанысқа бөлінген қаржы азайған. Дәлірек айтқанда, былтыр бюджеттің шығыс бөлігінің 5 пайызы қорғаныс мақсатына арналса, биыл 4 пайызы қарастырылды. 2019 жылы Қазақстанның қорғаныс бюджеті 738,7 млрд теңге болған еді. Ал халықаралық рейтингке қайта оралар болсақ, Global Firepower зерттеулері 50 фактор ескеріле отырып жасалады. Рейтингте Қазақстанның алдына Өзбекстан, Беларусь, Тайланд, Солтүстік Корея, Тайван қатарлы мемлекеттер шығып кеткен. Ал жаһандық рейтингті әдеттегідей АҚШ бастап, одан кейінгі орындарды Ресей мен Қытай иеленіп отыр.
Ардақ СҰЛТАН