Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аса ауыр қылмыстық оқиға 9 тамызда сағат 03:10 шамасында Атырау қаласының маңындағы Дамбы ауылында болған.
«Ауылдың екі тұрғыны арасында келіспеушілік туындаған. Оның бірі атыс қаруын қолданып, соның салдарынан 2002 жылы туған азамат оқтан дене жарақатын алған. Кейін ауруханада қайтыс болған. Полиция қызметкерлері аса ауыр қылмыс жасаған күдіктіні ізін суытпай анықтап, 1994 жылғы азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.Қазір аталған іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындаған. Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтіру бабы бойынша) жүргізілуде. [caption id="attachment_64035" align="aligncenter" > Фото: Интернеттен алынды[/caption] Айта кетейік, бұған дейін 9 тамызға қараған түні Атырау қаласы маңындағы Дамбы және Құрманғазы ауылдарының тұрғындары арасында болған төбелестен танымал спортшы, грепплингтен Азия чемпионы Есенбек Сиғуатов қайтыс болғаны хабарланған еді.