Арқаны кеңге салатын уақыт жоқ
Арқаны кеңге салатын уақыт жоқ
169
оқылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша Премьер-министр Асқар Маминнің жалпыұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеу туралы ақпаратын тыңдады.

Мемлекет басшысы елі­міз саяси және әлеумет­тік-экономикалық реформа­лар­дың жаңа кезеңіне аяқ басқанын атап өтті. Оның ай­туынша, аталған уәделерді орындау орталық пен өңір­лерде, бірқатар заң жобасы мен басқа да нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуді қоса алғанда маңызды әрі үй­лесімді жұмысты талап етеді.

– Жолдаудың уақытылы және сапалы жүзеге асырылуы ғана азаматтардың өмір сүру деңгейін арттырып, экономиканың құрылымдық жаңғыруын қамтамасыз етеді. Жолдауда қойылған міндеттер белгіленген мерзімде мүлтік­сіз орындалуы тиіс. Үкімет жал­пыұлттық іс-қимыл жос­парын әзірлеу жөніндегі жұ­мысты бастағаны дұрыс болды. Арқаны кеңге салатын уақыт жоқ. Барлық министрлік пен ведомствоның, әкім­діктің басшылары ре­формаларды тиімді және уақтылы жүзеге асыруға өздері жауапты болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев он мемлекеттің ел­ш­і­лерінен сенім грамоталарын қабылдады.

Мемлекет басшысы Қа­зақ­стан Респуб­лика­сын­дағы Төтенше және өкі­летті елші міндетін қоса атқаратын бір­қа­тар мемлекеттің дип­ло­ма­тиялық өкілдерінен се­нім грамоталарын қа­былдады. Салтанатты рәсім дәстүр бойынша «Ақорда» резиден­ция­сында өтті.