«Қайтыс болған жігіт пен күдікті айырылмас дос болған» – Шымкенттегі атыс себебі айтылмай отыр
«Қайтыс болған жігіт пен күдікті айырылмас дос болған» – Шымкенттегі атыс себебі айтылмай отыр
Фото: Интернеттен алынды
206
оқылды
Телеарнаның мәліметінше, оққа ұшып қайтыс болған жігіт пен атқан күдікті айырылмас дос болған. Ең қымбат мейрамханалардың бірінде шыққан сол кикілжің кезінде бір адам өліп, біреуі жараланған. Атыс кешкі сағат алты шамасында Шымкенттегі ең қымбат мейрамханалардың бірінде болды. Жазғы алаңдағы дастарқан басына жігіттер біртіндеп жиналып, ақыры атыспен аяқталған. Атыстан 33 жастағы азамат сол жерде мерт болса, 35 жастағы Нұрғали Мырзабаев көп қан жоғалтып, жансақтау бөліміне түскен. Екі сағат бойы ота жасаған дәрігерлер екі оқ алыпты. Денесінде тағы бір оқ бар. «Оны алу үшін денсаулығы жақсаруы керек», – дейді. Жағдайы ауыр жігітті қорғау үшін палата алдына қарулы жасақ қойылған.
Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Нұржан Естемесов: «Кеуде қуысының ашық жарақаты, құрсақ қуысының жабық жарақаты. Екі балтырының оқ жарақатымен келіп түсті. Толық диагнозы сол және оқ жақ өкпе қуысының ашық жарақаты. Пневмоторакс. Құрсақ қуысының жабық жарақаты. 12 елі ішектің және тоқ ішектің зақымданған», – дейді.
Тілшінің зерттеуінше, «Бес адамды іздестіріп жатырмыз» деген полиция қылмыс әлемі серкелерінің өзара жанжалы деген нұсқаны қарастырмайды.
Шымкент қалалық ПД бастығы Ералы Жұмаханбетов: «Тергеу жүріп жатыр, мен сіздерге айттым. Ол жерде бөлініп жатқан адамдар емес. Бәрі бірге жүрген жігіттер. Дос боп жүрген. Мен сіздерге айтайын, қайтыс болған жігіт пен атқан деген күдікті екеуі жан жолдас. Иә, бірге жүрген. Енді қазір тергеу жүргізуіміз керек», – деді.
Анығы, тергеу жүргізіліп жатыр.