Алматыда өкпесінің сау жері қалмаған 84 жастағы науқас сауығып, ауруханадан шықты
Алматыда өкпесінің сау жері қалмаған 84 жастағы науқас сауығып, ауруханадан шықты
Фото: Интернеттен алынды
128
оқылды
Олардың бірі – 84 жастағы қария, оның өкпесі 100% зақымданған. Науқас ауруханаға 19 шілде күні коронавирустық инфекция диагнозымен, құрғақ жөтелге, жалпы әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, ентігуге байланысты шағымданды. Ауру гипертониялық аурумен қатар жүрек жеткіліксіздігі және артериялық гипертензиямен жүректің басым зақымдалуымен қатар жүретін аурулармен асқынған. Дәрігерлер 16 күн бойы жансақтау бөлімінде оның өмірі үшін күресті. Фтизиопульмонология орталығының директоры Жанар Сапиеваның айтуынша, науқас жансақтау бөлімінде 16 күн жатқан, оның ішінде 8 күн инвазивті ӨЖЖ аппаратында болды. Жағдайы қалыпқа келгеннен кейін науқас бөлімшеге емделуге ауыстырылды. Екінші науқас – 78 жастағы әже. Ол екіжақты полисегменттік пневмония диагнозымен ауруханада бір ай бір күн емделді. Өкпесінің 85%-ы зақымданған. Жанар Сапиеваның айтуынша, науқастардың жағдайы күннен күнге жақсарып келеді.