– Бүгіннен бастап Талдықорған қаласындағы әскери госпитальда ашылған провизорлық орталық жабылып, госпиталь қалыпты жұмысын бастады. Сонымен қатар Аймақтық тері-венерологиялық диспансер де жоспарлы түрде науқастарды қабылдауда, – деген облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков провизорлық стационарларды кезең-кезеңмен консервациялау басталғанын айтты. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Әбелсейітұлының айтуынша, облыстағы стационарлар жүктемесінің төмендеуіне байланысты инфекциялық төсек саны 520-дан 490 орынға, провизорлық төсек саны 3 560-тан 2 541 орынға дейін қысқарыпты. Бүгінде өңірде ашылған провизорлық орталықтарда 1 043 адам ем қабылдап жатыр. Осы уақытқа дейін 4 048 адам жазылып шығыпты.
Болат АБАҒАН