Абай өлеңдерінің онлайн кеші
Абай өлеңдерінің онлайн кеші
Кеш қонақтары болған «Талды­қорған» халықтық, фольклорлы-этнографикалық ән-би ансам­блінің әншілері мен жетісулық жас ақындар хакім Абайдың өлең­дерін оқып, әуелете шырқап қана қой­май, ұлы ақынға арналған  өз туын­дыларын да жалындата оқыды. Онлайн концертті әлеуметтік желі оқырмандары Facebook, Insta­gram желілерінен тікелей  эфир арқылы тамашалап, көңіл­дерінен шыққан  шараның игі бастама бол­ғанын және  жас ұр­паққа Абай шығар­машылығын таныстыруда  үлкен маңызға ие екенін атап өтті. Жалпы, Алматы облысында хакім Абайдың туған күніне орай, нұр­отандықтардың бастамасымен жыл басынан бері бірқатар шара өт­кізді. Мысалға, облыстың барлық ау­дан, қаласында өңірде  тұратын түр­лі этнос жастары арасында «Ор­тақ Абай» атты көркемсөз оқу байқауы ұйымдастырылып, жеңім­паздар бағалы сыйлықтармен марапат­талған болатын. Бұл жолы да онлайн кеш қатысушылары көпшілікке тамаша көңіл күй сыйлады.  

Болат АБАҒАН, Алматы облысы