Арктика мұзы еріп кетуі мүмкін
Арктика мұзы еріп кетуі мүмкін
198
оқылды
Зерттеу нәтижесі болашаққа болжам жасау үшін пайдаланылған болатын. Мамандар Солтүстік Мұз­ды мұхит бетіндегі мұздың 15 жылдан кейін жоғалып кету ықтималдығын анықтады. Спут­никтік деректер Арктика мұзының ауданы әр он жыл сайын шамамен 13 пайызға қысқарып келе жат­қанын көрсеткен. Мұның бәрі көктемгі күннің ыстық болуына байланысты, себебі осы маусым жылуды сіңіретін және жылынуға ықпал ететін су бассейндерін жасайды. Осыған ұқсас әсер жүз мың жыл бұрын мұздың еруінің негізгі факторларының бірі болған еді. Ғалымдардың пікірінше, Арк­тикадағы мұз әлем экожүйесінде маңызды рөл атқарады және оның еруі теңіз деңгейін көтеріп қана қоймай, көптеген жануар түрін тіршілік ету ортасынсыз қалдырады. «2035 жылға қарай теңіз мұ­зын жоғалту болашақта бізді көмір­тегі аз әлемге жедел бара жатқанымызды ойландыруы керек», – дейді Nature Climate Chan­ge журналында жарияланған зерттеу авторларының бірі.