Зерттеу нәтижесі болашаққа болжам жасау үшін пайдаланылған болатын. Мамандар Солтүстік Мұзды мұхит бетіндегі мұздың 15 жылдан кейін жоғалып кету ықтималдығын анықтады. Спутниктік деректер Арктика мұзының ауданы әр он жыл сайын шамамен 13 пайызға қысқарып келе жатқанын көрсеткен. Мұның бәрі көктемгі күннің ыстық болуына байланысты, себебі осы маусым жылуды сіңіретін және жылынуға ықпал ететін су бассейндерін жасайды. Осыған ұқсас әсер жүз мың жыл бұрын мұздың еруінің негізгі факторларының бірі болған еді. Ғалымдардың пікірінше, Арктикадағы мұз әлем экожүйесінде маңызды рөл атқарады және оның еруі теңіз деңгейін көтеріп қана қоймай, көптеген жануар түрін тіршілік ету ортасынсыз қалдырады. «2035 жылға қарай теңіз мұзын жоғалту болашақта бізді көміртегі аз әлемге жедел бара жатқанымызды ойландыруы керек», – дейді Nature Climate Change журналында жарияланған зерттеу авторларының бірі.