Ұлттық іріктеу 4 кезеңнен тұрады. Халықаралық ән конкурсының финалы биыл 29 қарашада Польша астанасы Варшавада өтеді. Байқауға 9 жастан 14 жасқа дейінгі орындаушылар қатыса алады. Қазақстан Junior Eurovision байқауына осымен үшінші рет қатысады. 2018 жылы байқауға Данелия Төлешова «Өзіңе сен» әнімен қатысып, алтыншы орынға ие болды. Ал былтыр Ержан Максим «Арманыңнан қалма» әнімен екінші орын алды. Бірақ қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орынды жеңіп алған еді. Ал 2021 жылы аталған байқау Нидерландының Роттердам қаласында өтеді. Негізінде, биыл Eurovision – 2020 мамыр айында дәл осы қалада өтуі тиіс еді. Бірақ пандемияға байланысты Еуропалық хабар тарату одағы байқауды кейінге қалдырған болатын.
Тұмар МЫРЗА