«Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиалында «Нұрсәт» ықшамауданы №49,50 үйлерінің ауласында кешенді балалар ойын және спорттық алаңшасында балалар ойнайтын тренажер, сырғанақта кемшіліктер барын айтып, тұрғындар көмек сұрап келді. «Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиалы тарапынан мекемеге тапсырмалар беріліп, балалар ойын алаңшасындағы кемшіліктер реттелді. Аталған мәселе партияның тұрақты бақылауында болатынын айтты. «Нұрсәт» ықшамауданының тұрғындары «Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиалы төрағасына алғыс айтты.