Қазақстанда қаңтардан бері 85 бала терезеден құлап кеткен

Қазақстанда қаңтардан бері 85 бала терезеден құлап кеткен

Оқыс оқиғадан 8 бала қайтыс болып, 77-сі ауруханаға жеткізілді. Бұдан бөлек суға шомылу кезеңі басталған 1 маусымнан бүгінгі күнге дейін ел бойынша 64 бала суға батып кеткен. Олардың барлығы ересек адамдардың қарауынсыз қалған. Осы уақыт аралығында суға кеткен 24 бала құтқарылған. Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, Қазақстанда өткен бір тәулікте балалардың өміріне қауіп төндірген 5 оқиға болды. Оларда 4 бала қаза тауып, 3-еуі ауруханаға жатқызылды.