Сенат сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланды
Сенат сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланды
Фото: Интернеттен алынды
235
оқылды
Алдын ала жарияланған қорытындыда көп дауыс жинаған кандидаттардың есімі белгілі болды. Атап айтқанда, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев алдын ала нәтижелер бойынша жеңіске жетті. Нұр-Сұлтан қаласынан Сенат депутаттығына кандидат Ақылбек Күрішбаев алдын ала нәтижелер бойынша 75% дауыс жинаған. Елордалық өзге кандидаттар Мейрамбай Оралов пен Мәулен Самамбетов сәйкесінше 15% және 10% дауыс жинаған. Алматылық Сұлтанбек Мәкежанов сайлаушылардың 100% дауысын алған. Шымкентте ең көп дауысты – 72%-пен Айгүл Қапбарова иеленді. Толқын Аюбаева сайлаушылардың 16% дауысын алса, Бектай Ормановқа 12% дауыс берген. Сенат депутаттығына сайлауға түсіп жатқан 46 кандидаттың тек 17-сі ғана депутат бола алады. Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың ең соңғы қорытынды нәтижесін 18 тамызда жариялайды.