Тіршілігі жанданған Сайрам
Тіршілігі жанданған Сайрам

Түркістан облысындағы Сайрам ауданы бүгінде жұмысы жанданған, тұрмысы тәуір ауданға айналып отыр. Олай дейтініміз, егін шаруашылығы, мал шаруашылығында да өзге аудандардан оза шапқан аудан болып отыр. Сондай-ақ мұнда жеңіл өнеркәсіп саласына да жақсы көңіл бөлініп келеді. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сансыз баптар тыныс тапқан мекенде болған іссапары барысында белгілі болды.

Мәжіліс депутаттары, Nur Otan партиясы фрак­ция­сы­ның мү­шелері У.Қайназаров пен Қ.Ержан Түркістан об­лы­­­сына арнайы келіп, Сай­рам ауданына ат басын тіреді. Олар аудан тұр­ғын­­дарымен кездесіп, бірқатар нысанды аралады. «Нұрым Гру­п­п» жауапкершілігі шектеулі се­­ріктестігінің жұмысы­мен та­ныс­ты.

Мекеме басшысы Сырым Ер­таевтың айтуынша, бүгінгі таң­да мал бордақылау ала­ңын­­да 6 000 бас ірі қара мал бар. 2 айналымда 1 500 тонна ет да­йындалып, экспортқа шы­ға­ры­­лады. Бір жылдық табысы 3 млрд теңгені құрап отыр.

«Жылдың соңына дейін 10 000 бас ірі қара мал және келер жыл соңына дейін 20 000 басқа де­йін бордақыланады деп жос­­­парлап отырмыз. Бүгінге де­­йін 330,0 тонна қой еті, 2 904,0 тонна ірі қара мал еті экс­­портталған. Серіктестікте 55 адам тұрақты жұмыспен қам­тылған», – деген кәсіпкер ет өнімдерін экспорттау бары­сын­да кеденнен өтуде кезек­ті­лік­тің ұзақтығынан көп уақыт жоғалтатынын жеткізді.

Өз кезегінде осы және өзге де мәселелер мен ұсыныстарды Мәжіліс депутаттары назарға алып, шешімін табуға ықпал ете­тінін айтты.

Сонымен қатар қонақтар «АХБК» ЖШС тігін фабрика­сы­ның жұмысымен танысты. Жо­баның құны – 1200,0 млн тең­­ге. Бүгінде тігін фабрикасы ар­найы форма, әскери киімдер және төсек-орын өнімдерін шы­ға­руда. Фабрикада 110 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Өнімдерді шығаруда отандық шикізаттар пайдаланылады.

Сонымен қатар депутаттар Ақсукент ауылындағы 500 адам қабылдайтын аудандық емхана құрылысымен танысты. Қазіргі таң­да нысан құрылысының 85 пайызы аяқталып, ішкі әр­леу жұмыстары жүргізілуде. Биыл­ғы қараша айында елдің игі­­лігіне берілмек. Сондай-ақ ем­хана құрылысымен таныс­қан депутаттар Ақсукент ауы­­­лындағы Қ.Жандарбеков атын­дағы Мәдениет үйінде Конс­титуция күніне арналған ме­ре­келік іс-шараға қатысып, аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады. Депутаттар ха­лық­­қа елордада партия Тө­ра­­ғасы Н.Назарбаевтың төра­ға­­лығымен өткен Nur Otan пар­­­тиясының Саяси кеңесі оты­­ры­сының шешімдерін түсін­дір­ді.

Жиында Мәжіліс депу­та­ты, Nur Otan партиясы фрак­ция­сы­ның мүшесі У.Қай­на­за­ров­қа Сайрам ауданының өсіп-өр­кен­деуіне қосқан үлесі үшін Сай­рам ауданының Құрметті азаматы куәлігі табысталды.

 

Түркістан облысы