Жазасын өтеушілер  Абайдың алып портретін салды
Жазасын өтеушілер  Абайдың алып портретін салды
10 тамыз – Абай күні мен Ұлы ақынның 175 жылдығына орай Тараз қаласындағы ЖД-158/7 мекемесінде айрықша шара өтті.   Түрме аумағындағы кітапханаға сотталғандар жиналып, ақынның шығармаларымен танысты.  Абай айқындап берген «Бес асыл іс, бес дұшпан», «Біріңді қазақ бірің дос» сынды тәмсілдерді жатқа айтып жарысты. Ал үш бірдей сотталған азамат  жүрекжарды  өлеңдерін оқып, көпшіліктің қошеметіне ие болды. Сондай-ақ, екі жазасын өтеуші қосылып үлкен көлемді Абай портретін салып, кітапханаға тарту етті. Суреттің ені 1 метр болса, ұзындығы 1,5 метр. Суретшілердің айтуынша, Ұлы тұлғаның бейнесін бейнелеуге олар жан-тәнін салып, мерекеге орай бітіруге тырысқан екен.  Мекеме бастығының міндетін атқарушы, әділет майоры Жасұлан Құрманалиев сотталғандардың өнеріне тәнті болып, алғысын білдірді. Осылайша түзету мекемесіндегі жазасын өтеушілер өнерімен талайды тәнті етті. Бұл сөз жоқ бас бармақпен бағалауға тұрарлық.  

Саятхан Сатылған,

Жамбыл облысы