Білім және ғылым министрлігі шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандықтарды еліміздегі оқу орындарына ауыстыру бойынша көмек көрсетуде. Ведомствоның хабарлауынша, БҒМ шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетінше түскен және коронавирус пандемиясына байланысты жоғары оқу орындарына оралу проблемасына тап болған қазақстандық студенттерге көмек көрсетуді бастады.
«Шетелдік ЖОО-ның көпшілігі студенттерін қашықтан оқытады. Алайда, кейбір оқу орындарында ондай мүмкіндік қарастырылмаған. Өздеріне байланысты емес себептермен оқуын жалғастыру үшін елден шыға алмайтын студенттерге министрлік отандық жоғары оқу орындарына ауысуға көмектесуге дайын. Бұл ретте, құжаттарды рәсімдеу форматы жеңілдетіледі. Ол үшін университеттің виртуалды қабылдау комиссиясына жүгіну жеткілікті. Оқу орнына ауысу туралы өтініш онлайн-режимде қарастырылады», - делінгн хабарламада.Осы мақсатта ҚР БҒМ-да жедел желі (74-16-24) іске қосылды.