Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткендей, қайғылы оқиға 11 тамыз күні Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округінде болды. Шамамен сағат 15:00-де 3 және 1 жасар екі бала қараусыз қалған. Содан жеке үйдің ауласындағы тереңдігі 3 метр суы бар құдыққа құлап кеткен. Олардың денесін сағат 18:30-да жергілікті тұрғындар шығарып алды.