Кәсіподақтар федерациясы мен «Nur Otan» праймеризге дайындықтарын пысықтады
Кәсіподақтар федерациясы мен «Nur Otan» праймеризге дайындықтарын пысықтады
5,134
оқылды
Кәсіподақтар федерациясы «Nur Otan» партиясының хатшысы Әлібек Әлденеймен Zoom-конференциясы арқылы алда өткізілетін праймериз мүмкіндіктерін талқылады. ZOOM-конференцияға «Батыс Қазақстан облысының Кәсіподақ орталығы» – Айгүл Есекенова, «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» – Екатерина Смышляева, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ – Сапарбек Дүйсенов, «Құрылыс кешені және ТКШ қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ – Кусеин Есенғазин, «YNTYMAQ» қазақстандық орта және шағын бизнес қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ төрағасы Қайрақбай Жаңабеков қатысты. Кездесуде праймеризді ұйымдастыруға қатысты мәселелер мен кәсіподақ мүшелерінің республикалық және облыстық деңгейдегі партиялық сайлауға қатысу тәртібі cөз болды. Сондай-ақ конференцияға қатысушылар «Nur Otan» партиясының партияішілік сайлауы мемлекет пен қоғамның дамуында маңызды рөл атқаратынын баса айтты. Бейнеконференция барысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев праймеризге қатысқалы отырған  кәсіподақ мүшелерінің жиі қоятын сұрақтарын тізіп шықты. Атап айтқанда, сайлаудың шарттары мен кезеңдері, сайлаушылармен кездесулер және дауыс беру тәртібі, сондай-ақ дауыс беруді есептеу жүйесін талқылау мәселелерін тілге тиек етті. Кәсіподақтардың сайлауға қатысуы туралы айта отырып, ҚРКФ Төрағасының орынбасары мемлекеттік басқарудың барлық деңгейіндегі  әлеуметтік және еңбек мәселелерін шешуде кәсіподақ позицияларын нығайтудың маңыздылығына ерекше тоқталды. – Әлеуметтік әріптестік кәсіподақтар үшін сөз жүзінде ғана емес, сонымен бірге іс жүзіндегі жүзеге асырылғанын қалаймыз. Сондықтан біз осы сайлау процестеріне қатысамыз, – деп атап өтті Нұрлан Өтешев. «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сұлтан Қалиев әңгіме барысында өңірлердегі кандидаттармен жұмыс істеудің маңыздылығына баса мән берді. Ол электоралды базаға және белгілі бір аймақтың әлеуметтік-демографиялық картасына байланысты ұсыныс шарттары бар екенін айтты. Өз кезегінде Әлібек Әлденей «Nur Otan» партиясы сайлауының негізгі қағидаттары ашық және транспаренттілік пен үміткерлерді әділ бәсекелестік негізінде таңдау екенін атап өтті. – Праймеризді енгізу – бұл партияның қоғамның жаңа сұраныстарына жауап беруге тырысуы мен барлық өкілетті органдардағы жаңару әрекеті. Бұл бәсеке бізге ең білікті адамдарды таңдауға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар жаңа идеялар, көзқарастар мен жобаларды іріктеп алуға жол ашады. Қазіргі сайлау пропорционалды жүйеде өтеді. Яғни әр сайлау учаскелері өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсынуы керек. Бұл өңірлердегі өзекті мәселелерді айқындап және оның шешу жолдарын көрсетеді, – деді «Nur Otan» партиясының хатшысы. Праймериздің басты мақсаты – партияның сайлауалды тізіміне енетін депутаттардың сапалық құрамын мейлінше жақсарту. Бұл алдын ала ауқымды бәсеке және дода ұйымастыру арқылы жүреді. Атап өтерлігі, Қазақстанда бұрын-соңды партияішілік сайлау өткен емес. Естеріңізге сала кетейік, партияаралық сайлау 17 тамыз бен 3 қазан аралығында өтеді. Праймериздің басты мақсаты – партияның сайлауалды тізіміне енетін депутаттардың сапалық құрамын мейлінше жақсарту. Бұл алдын ала ауқымды бәсеке және дода ұйымастыру арқылы жүреді. Атап өтерлігі, Қазақстанда бұрын-соңды партияішілік сайлау өткен жоқ. Кәсіподақтар федерациясы және «Nur Otan» партиясының әріптестігі бірлескен іс-қимылдар мен ынтымақтастықты үйлестіру мақсатында соның ішінде праймеризді өткізу мәселелері бойынша қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандум аясында жүзеге асырылады.

Әбілмансұр ЖАСАН