Әлия Назарбаеваның қайырымдылық қоры 233 оттегі концентраторын сатып алды. Медициналық жабдықтары бар қайырымдылық жүк Қытай шекарасынан өтті, енді бұл жүк алушылардың мекенжайларына жіберіледі. Емдеу үшін өмірлік маңызы бар аппараттар Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды және Қостанай облыстарындағы облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар 17 ауруханаға жіберіледі. Қор логистика бойынша мониторинг жүргізеді және 17 аурухананың әрқайсысымен оттегі концентраттарын уақтылы және қауіпсіз жеткізу бойынша тығыз жұмыс жүргізеді. Денсаулық сақтау министрлігі тыныс алу аппараттарына мұқтаж медициналық мекемелердің тізімін ұсынды. Оттегі концентраторы өкпе ауруларын емдеуде сығылған оттегіге қауіпсіз балама ретінде қолданылады. Аппарат оны пациентке жоғары концентрацияда - 90-95% мөлшерде береді. Айта кету керек, ауада оттегінің мөлшері шамамен 20% құрайды.
«Біздің гуманитарлық көмек дәрігерлерге короновируспен күресте көмектеседі деп шын жүректен үміттенемін және дұға етемін, сондай-ақ Қытайдан Қазақстанға өмірлік маңызды аппараттарды тасымалдауға қатысқан барлық адамдарға алғыс білдіргім келеді» - деп жазады Әлия Нұрсұлтанқызы Instagram-да.Естеріңізге сала кетейік, коронавирустық пандемия кезінде Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның қоры халыққа азық-түлік себеттері, дәрі-дәрмектер, киім-кешек сертификаттары, сондай-ақ балаларды қашықтан оқыту үшін ноутбуктер сатып алу түрінде бірнеше рет қайырымдылық көмек көрсеткен болатын.