Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенатына сайлаудың алдын ала нәтижелерін жариялады. Депутаттар аймақтар атынан сынға түскен болатын. Сенат депутаттарын мәслихат депутаттары құпия дауыс беру арқылы сайлайтынын айта кету керек. Осылайша, Нұр-Сұлтан атынан Сенатқа депутат болып Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев (1961 ж.т.) сайланды. Ол 75% дауыс жинаған. Ал Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов (1961 ж.т.) Сенатта Алматы қаласының мүддесін қорғайды. Сайлаушылар оны бірауыздан қолдаған. Шымкенттен 72% дауыс жинап көш бастаған Айгүл Қапбарова (1975 ж.т.) өз мандатын сақтап қалды. Ол бұған дейін Сенат депутаты еді.
- Ақмола облысынан – Нұрлан Бекенов (89,5%);
- Ақтөбе облысынан – Бауыржан Қаниев (79,89%);
- Алматы облысынан – Сұлтан Дүйсембинов (92,63%);
- Атырау облысынан Сағындық Лұқпанов (82,69%);
- ШҚО – Ольга Булавкина (93,07%);
- БҚО – Ләззат Рысбекова (70,33%);
- Жамбыл облысынан – Бекболат Орынбеков (92,09%);
- Қарағанды облысынан – Сергей Ершов (83,15%);
- Қостанай облысынан – Сергей Карплюк (87,21%);
- Қызылорда облысынан – Ақмарал Әлназарова (77,86%);
- Маңғыстау облысынан – Сүйіндік Алдашев (87%);
- Павлодар облысынан – Алтынбек Нұхұлы (81,97%);
- СҚО – Ольга Перепечина (87,57%);
- Түркістан облысы – Әли Бектаев (91,53%).