Тікелей желіде праймериз ережелері түсіндірілді
Тікелей желіде праймериз ережелері түсіндірілді
128
оқылды
Праймериз дегеніміз не? Оған кімдер қатысады?Негізгі мақсаты қандай? Осы және өзге де сауалдарға бүгін «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә Төрешова тікелей желіде жауап берді. Партия филиалының фейсбук желісіндегі ресми парақшасы арқылы ұйымдастырылған тікелей желіде Ләйлә Төрешова  алдымен  тұрғындарға 17 тамыз бен 3 қазан аралағында өткелі отырған «Nur Otan» партиясының  праймеризін өткізу тәртібі мен негізігі ережелері жөнінде түсіндіріп берді. Еліміздің партиялық-саяси даму тарихында алғаш рет жалпы республикалық көлемде өткелі отырған праймериздің  негізгі мақсаты – партиялық тізімдерді бәсекелі және айқын негізде қалыптастыру. Яғни, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, партиялық желі бойынша ілгерілету, мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшыларды анықтау,- деді  Ләйлә Төрешова. Тікелей эфирді 100-ге жуық тұрғындар тамашалап,  праймериз ережелеріне қатысты өздерін толғандырған сауалдарына  жауап алды. Желі барысында  праймеризге партия мүшесі еместер қатыса ала ма? Дауыс беру неше күн жүреді? Кімдер дауыс береді? Дебатқа міндетті түрде қатысу қажет пе? Интернеті жоқ елді мекендерде дауыс беру қалай өтеді? Қатысамын деген азаматтарға қандай талаптар қойылады?,- деген сауалдар тұрғындарды қызықтырды.